Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте № 8046 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің 16.10.2020 № 5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 01-28-207 ұсынуы бойынша, Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты, Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округінің Қосбармақ ауылы аумағында карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімі А.Белялова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады