Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8046 тіркелген, 2020 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімі |
А.Белялова |