"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 6С-35/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7044 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұланды аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Т.Сихимбаев |
Бұланды аудандық мәслихат хатшысы |
Ш.Кусаинов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бұланды ауданының әкімдігі |