"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Бұланды ауданының әкімі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұланды ауданы әкімінің "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2020 жылғы 10 наурыздағы № 5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7716 болып тіркелген, 2020 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұланды ауданының әкімі | Т.Ерсеитов |