Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, 27 бабы 1 тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары К.Н. Исмағамбетоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұланды ауданының әкімі | Т.Ерсеитов |
Бұланды ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қазандағы № А-10/298 қаулысына 1 қосымша |
Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
1 | Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы "Макинск Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 95 | 1,05 |
Бұланды ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қазандағы № А-10/298 қаулысына 2 қосымша |
Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
1 | Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы "Макинск Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 95 | 1,05 |
Бұланды ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қазандағы № А-10/298 қаулысына 3 қосымша |
Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
1 | Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы "Макинск Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 95 | 1,05 |