Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қазандағы № А-10/298 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 қазанда № 8074 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, 27 бабы 1 тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары К.Н. Исмағамбетоваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды ауданының әкімі Т.Ерсеитов

 
  Бұланды ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 9 қазандағы
№ А-10/298 қаулысына
1 қосымша

Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы "Макинск Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

95

1,05

 
  Бұланды ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 9 қазандағы
№ А-10/298 қаулысына
2 қосымша

Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы "Макинск Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

95

1,05

 
  Бұланды ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 9 қазандағы
№ А-10/298 қаулысына
3 қосымша

Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы "Макинск Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

95

1,05


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады