Екерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылы әкімінің 19.11.2020 № 12 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 625 ұсынуы бойынша, Спиридоновка ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты, Егіндікөл ауданының Спиридоновка ауылы аумағында карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Спиридоновка ауылының әкімі | С.Әсілов |