Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылы әкімінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 09 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 қыркүйекте № 8043 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылы әкімінің 2020 жылғы 19 қарашадағы № 12 шешімімен

      Екерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылы әкімінің 19.11.2020 № 12 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 625 ұсынуы бойынша, Спиридоновка ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты, Егіндікөл ауданының Спиридоновка ауылы аумағында карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Спиридоновка ауылының әкімі С.Әсілов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады