Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің 22.01.2021 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссияның жоспардан тыс шұғыл отырысының 2020 жылғы 9 ақпандағы № 1 хаттамасының негізінде, Ерейментау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ерейментау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары М.Х. Қабдуллов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары М.Х. Қабдулловқа жүктелсін.
4. Осы шешімнің әрекеті 2020 жылғы 9 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау ауданының әкімі | А.Альжанов |