Ерейментау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 ақпанда № 7681 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің 22.01.2021 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссияның жоспардан тыс шұғыл отырысының 2020 жылғы 9 ақпандағы № 1 хаттамасының негізінде, Ерейментау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ерейментау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары М.Х. Қабдуллов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары М.Х. Қабдулловқа жүктелсін.

      4. Осы шешімнің әрекеті 2020 жылғы 9 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау ауданының әкімі А.Альжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады