Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Есіл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А.Жорабек |
Хатшысы | С.Агымбаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Есіл ауданының әкімдігі |
Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 72/4 шешіміне қосымша |
Есіл аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 3/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5403 тіркелген, 2016 жылғы 13 маусымда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған).
2. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 3/3 "Есіл ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 18 тамыздағы № 7/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5548 тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 3/3 "Есіл ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 15 маусымдағы № 32/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6706 тіркелген, 2018 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).