Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 3/3 "Есіл ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 тамыздағы № 7/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 қыркүйекте № 5548 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 72/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 17.06.2020 № 72/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстарациялар ұйымдастыру мен өткізу тәрт ібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 3/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5403 тіркелген, 2016 жылғы 13 маусымда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің Есіл ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібіндегі:
      2 тармақтың бірінші азат жолындағы "және пикеттер" сөздері алынып тасталсын;
      5 тармақтың 1) тармақшасындағы "немесе тура көрініп тұрулары" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
К.Мистриди
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С.Ағымбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Есіл ауданының әкімі А.Қалжанов

      18 тамыз 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады