Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің 09.07.2021 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес, Жақсы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жақсы ауданы әкімінің "Жақсы ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6909 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 3 жол жаңа редакцияда жазылсын:
"3. № 458 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Киров ауылы, Киров көшесі, 10, Жақсы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ауылдық мәдениет Үйі.
Шекарасы: Киров ауылы.";
көрсетілген шешімнің қосымшасында 6 жол жаңа редакцияда жазылсын:
"6. № 461 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Моховое ауылы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 1, Жақсы ауданының білім беру бөлімінің жанындағы "Моховое негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Моховое ауылы, Абай көшесі – 6, 7, 8, 9, 11, 12; Амангелді Иманов көшесі – 1, 3, 5, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 19, 21, 23, 24, 25, 26, 28; Мира көшесі – 3, 4, 7, 8, 10, 11, 12, 13; Молодежная көшесі – 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 54; Октябрьская көшесі – 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 12, 13, 14; Сәкен Сейфуллин көшесі – 1, 1А, 1Б, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 19, 21, 23, 27; Советская көшесі – 1, 2, 4, 5, 8; Тәуелсіздік көшесі – 2, 6, 27.
Шекарасы: Қалмақкөл ауылы, Дорожная көшесі – 1, 2, 4, 7; Амангелді Иманов көшесі – 2, 3, 4, 5, 6, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 19, 20, 25, 27, 127; Озерная көшесі – 5, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 16, 18; Степная көшесі – 1, 2, 3, 4, 6.";
көрсетілген шешімнің қосымшасында 7 жол тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы ауданы әкімі | Б.Малгаждаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайым |
Р.Тлепова |
2020 жыл "27" наурыз