Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 19.06.2024 № 18-135 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Э.Халелова |
Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы |
К.Аугалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Зеренді ауданының әкімдігі |
Зеренді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67-409 шешіміне қосымша |
Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Зеренді ауданында тұратындарға беріледі.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган – "Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
2 тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 20.04.2023 № 3-18 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.4. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 20.04.2023 № 3-18 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді орган 8 пайыз белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бір адамға 18 (он сегіз) шаршы метр өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй алаңының нормасы ретінде алынады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы 30 (отыз) шаршы метр алынады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 20.04.2023 № 3-18 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.6. Жергілікті жылуы бар қатты отынды тұтынуға өтемақы нормалары жылу беру маусымына отбасыға (азаматқа) өтініш берген тоқсанда алып жатқан көлеміне байланысты 5 (бес) тонна мөлшерінде белгіленеді. Отын шығыны айына 1 (бір) шаршы метрге 20,83 килограмм мөлшерінде есепке алынады. Статистика органдарының деректеріне сәйкес, көмірдің құны өткен тоқсанда қалыптаскан орташа баға қабылданады.
7. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 50 (елу) киловатт белгіленсін.
8. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.
3 тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және / немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес жүгінеді.
10. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтер, үй) бар немесе тұрғын үй-жайларды жалдауға (қосымша жалдауға) беруші отбасыларды (азаматтарды) қоспағанда, тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсанға толық жүргізіледі, ал отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы жиынтық табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
11. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
12. Тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4 тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу
13. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырады.
Уәкілетті органға тұрғын үй көмегін артық немесе заңсыз тағайындауға әкеліп соққан көрінеу жалған мәліметтер ұсынылған кезде, аз қамтылған отбасы (азамат) заңсыз алған сомасын ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарады.