"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 08 қазандағы қорытындысы негізінде, Ақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылының көшелері қайта аталсын:
Молодежная көшесі Бөгенбай батыр көшесіне;
Целинная көшесі Ақан сері көшесіне;
Степная көшесі А.С. Пушкин көшесіне;
Школьная көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
Набережная көшесі Ғабит Мүсірепов көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл ауылдық округінің әкімі | М.Шаменов |