Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 желтоқсанда № 8202 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 08 қазандағы қорытындысы негізінде, Ақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылының көшелері қайта аталсын:

      Молодежная көшесі Бөгенбай батыр көшесіне;

      Целинная көшесі Ақан сері көшесіне;

      Степная көшесі А.С. Пушкин көшесіне;

      Школьная көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;

      Набережная көшесі Ғабит Мүсірепов көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауылдық округінің әкімі М.Шаменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады