Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қорғалжын аудандық мәслихатының "Қорғалжын ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 2/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5569 тіркелген, 2016 жылғы 21 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қорғалжын аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Н.Баешев |
Қорғалжын аудандық мәслихатының хатшысы |
О.Балгабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қорғалжын ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
Ғ-С.Мухамедди |