"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Г.Е. Кадыроваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Сандықтау ауданының әкімі | А.Уисимбаев |
Сандықтау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № А-8/161 қаулысымен бекітілген |
2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Мектепке дейінгі білім беру ұйымның түрі |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілердің | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындарының орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | |||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | |
Балабақша | 265 | 0 | 32128 | 0 |
3 жасқа дейін – 10000; | 0 |
Толық күн болатын шағын орталық | 385 | 0 | 29351 | 0 |
3 жасқа дейін – 10000; | 0 |
Жарты күн болатын шағын орталық | 168 | 0 | 8777 | 0 |
3 жасқа дейін – 5500; | 0 |