Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 20.11.2023 № 8С-10/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының "Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 29 тамыздағы № С-46/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7349 тіркелген, 2019 жылғы 02 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";
6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) 9 мамыр – Жеңiс күнi;
2) 1 қазан – Қарттар күні;
3) қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні.";
11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының келесі тізбесі айқындалсын:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
еңбек ардагерлері;
"Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының күші қолданылатын басқа да адамдар;
ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлер;
барлық топтағы мүгедектер;
мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдар;
әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар (онкологиялық аурулары бар адамдар, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырғандар және туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын науқастар);
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар);
өмірлік қиын жағдайға тап болған, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар (отбасылар);
аз қамтылған, көп балалы, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан, жоғары медициналық оқу орындарында оқитын студенттер;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдар.";
12 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Әлеуметтік көмек белгіленеді:
1) Ақмола облысының жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша атаулы күндер мен мереке күндеріне бір рет бірыңғай мөлшерде:
Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
еңбек ардагерлеріне;
"Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;
Қарттар күніне:
ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге;
Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне:
барлық топтағы мүгедектерге;
мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға;
2) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескерместен жылына бір рет:
әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға (онкологиялық аурулары бар адамдарға, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын науқастарға) – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1, 2-топтағы мүгедектерге – 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға – 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
мемлекеттік медициналық ұйымдармен жұмысқа орналасу туралы шарт жасасқан жоғары медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған, көп балалы, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан студенттеріне оқу орнымен жасасқан шарттың, оқу орнынан анықтаманың және өтініш берушінің жоғарыда көрсетілген санаттарға жататындығын растайтын анықтаманың негізінде жергілікті бюджет есебінен жылдық оқу құнының мөлшерінде төлеуге;
3) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отырып, жылына бір рет:
табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға (отбасыларға) – 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
– шұғыл емделуге (ота жасау);
– кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге.
Өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдері.
4) уәкілетті ұйымның тізімдері негізінде жыл сайынғы өтініш беру бойынша:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерді және телефон байланысының қызметтері үшін абоненттік ақыны ұсынылған түбіртектердің көшірмелеріне сәйкес алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен – ай сайын 100 пайыз мөлшерінде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге коммуналдық қызметтерді төлеу үшін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен – ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шортанды аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
А. Хабовский |
Шортанды аудандық мәслихатының хатшысы |
Д.Отаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Шортанды ауданының әкімдігі |