"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Шортанды ауданы әкімдігінің "2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2020 жылғы 4 наурыздағы № А-3/43 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7712 тіркелген, 2020 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Мұхамединге жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған кұқықтық қатынастарға таратылады.
Шортанды ауданының әкімі | Г.Касенов |
Шортанды ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № А-9/215 қаулысымен бекітілген |
2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | |||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | ||
1 | Балабақша | 728 | 70 | 33413 | 33413 |
2 жастан 3 жасқа дейін - 8500 |
1,5 жастан 3 жасқа дейін - 14500 |
2 | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 163 | 0 | 30511 | 0 |
2 жастан 3 жасқа дейін - 7500 | 0 |
3 | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 277 | 0 | 9506 | 0 | 0 | 0 |