Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 21.09.2020 № А-9/215 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Мұхамединге жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған кұқықтық қатынастарға таратылады.
Шортанды ауданының әкімі | Г.Касенов |
Шортанды ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "04" наурыздағы № А-3/43 қаулысымен бекітілген |
2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | |||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | ||
1 | Балабақша | 285 | 45 | 31227 | 31227 | 9000 | 15000 |
2 | Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 125 | 0 | 28515 | 0 | 8000 | 0 |
3 | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 235 | 0 | 8884 | 0 | 0 | 0 |