"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Бектау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бектау ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8050 тіркелген, 2020 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бектау ауылдық округінің әкімі | А.Махфуз |