Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды ауданы Бектау ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 16 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 8050 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы Бектау ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 20 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы Бектау ауылдық округі әкімінің 28.10.2020 № 20 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Шортанды ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 01-28/359 ұсынуы бойынша, Бектау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты, Шортанды ауданы Бектау ауылдық округінің Бектау ауылы аумағында карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бектау ауылдық округінің әкімі А.Махфуз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады