Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" Бурабай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № а-5/194 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7207 болып тіркелген, 2019 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 1 қосымшасында:
реттік нөмірі 6 жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
"
6 | Қарабауыр ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі, 2, "Бурабай ауданының білім бөлімінің Қарабауыр ауылының бастауыш мектебі" коммуналды мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы стенд; |
";
реттік нөмірі 13 жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
"
13 | Обалы ауылы, М.Д. Досанов көшесі, 19, "Бурабай ауданының білім бөлімінің Обалы ауылының орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы стенд; |
";
реттік нөмірі 36 жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
"
36 | Красный Кордон ауылы, Лесная көшесі, 1 А, "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Ұрымқай орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы стенд; |
";
жоғарыда көрсетілген қаулының 2 қосымшасында:
реттік нөмірі 7 жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
"
7 | Қарабауыр ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі, 2, "Бурабай ауданының білім бөлімінің Қарабауыр ауылының бастауыш мектебі" коммуналды мемлекеттік мекемесінің акті залы"; |
";
реттік нөмірі 14 жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
"
14 | Обалы ауылы, М.Д. Досанов көшесі, 19, "Бурабай ауданының білім бөлімінің Обалы ауылының орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің акті залы"; |
";
реттік нөмірі 36 жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
"
36 | Красный Кордон ауылы, Лесная көшесі, 1 А, "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Ұрымқай орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акті залы; |
".
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі | А.Муздыбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бурабай аудандық сайлау комиссиясы |