Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 16.11.2020 № 4261 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағы 9) тармақшасына сәйкес және "Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 5-2/202 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 07.07.2020 № 2696 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. Ірі мүйізді қара малдарының және ұсақ мүйізді қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданының Құрайлы тұрғын үй алабының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтөбе қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заннамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны, оны алғашқы ресми түрде жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қаласының әкімі | А. Шахаров |