Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 2413 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 маусымда № 7194 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 4261 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 16.11.2020 № 4261 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағы 9) тармақшасына сәйкес және "Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 5-2/202 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 07.07.2020 № 2696 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Ірі мүйізді қара малдарының және ұсақ мүйізді қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданының Құрайлы тұрғын үй алабының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заннамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны, оны алғашқы ресми түрде жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының әкімі А. Шахаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады