Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданы аумағында орналасқан жалпы алаңы 28,1901 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2022 жылдың 23 шілдесіне дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысын жүргізу аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізу ұсынылсын.
3. "Әйтеке би аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен.
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би ауданының әкімі |
Д. Ермаганбетов |