Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9–1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 367 "2020-2022 жылдарға арналған Сұлукөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6770 тіркелген, 2020 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
қазақ тіліндегі 3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"3. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 651 теңге;
3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 31 183 теңге;
2020 жылғы 1 сәуірден бастап:
1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 778 теңге;
2) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 32 668 теңге болып белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.",
орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
А. Дошаев |
Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы |
Е. Тансыкбаев |