Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 12 тамыздағы № 292 "Алға ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6355 тіркелген, 2019 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А. Нургалиев |
Алға аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Жумабаев |