Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 13.08.2024 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Көлтабан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 9 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7065 болып тіркелген, 2020 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"2. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:".
2. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көлтабан ауылдық округінің әкімі | С. Бітімбай |