Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округіні әкімінің 20.12.2020 № 51 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 02-09-04/52 ұсынысы негізінде, Көлтабан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көлтабан ауылдық округінің Қораши ауылы аумағында ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 16.11.2020 № 37 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көлтабан ауылдық округінің әкімі |
С. Бітімбай |