Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ырғыз аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы № 133 "Ырғыз ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-168 тіркелген, 2018 жылғы 3 сәуірде аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешімі;
2) Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 217 "Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 5 наурыздағы № 133 "Ырғыз ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6029 тіркелген, 2019 жылы 10 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімі.
2. "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Н. Садықов |
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы |
К. Қосаяқов |