Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3 тармағымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарғалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 246 "Қарғалы ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-6-165 тіркелген, 2018 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Қарғалы аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Ж. Кольжанов |
Қарғалы аудандық мәслихатының хатшысы |
Н. Заглядова |