Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Қарғалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарғалы ауданы әкімінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 1 "Қарғалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 7 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4214 тіркелген, 2015 жылғы 3 наурызда аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы ауданының әкімі | А. Джусибалиев |