Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 7-баптарына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 13 наурыздағы № 72 "Қобда аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5395 тіркелген, 2017 жылғы 10 сәуірдегі "Қобда" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қобда аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Б. Толыбаев |
Қобда аудандық мәслихатының хатшысы |
Ж. Ергалиев |