Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37- баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қобда ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Қобда ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 289 "Қобда ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6592 болып тіркелген, 2019 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;
2) Қобда ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 124 "Қобда ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 289 "Қобда ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7149 болып тіркелген, 2020 жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
2. "Қобда ауданы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қобда ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қобда ауданының әкімі | Б. Кулов |