Қобда ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 289 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 желтоқсанда № 6592 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 359 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 04.12.2020 № 359 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18, 139 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қобда ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі, осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Қобда ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      М. Шермаганбет
      КЕЛІСІЛДІ:
      Қобда аудандық
мәслихатының хатшысы
      __________ Ж. Ерғалиев
      2019 жылғы "__" _________

  Қобда ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсаны № 289 қаулысына қосымша

Қобда ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 02.06.2020 № 124 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Лауазымдардың атауы

Білім саласы мамандарының лауазымдары

1

Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (шағын жинақталған мектеп, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан басқа) басшысы

2

Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшысы;

3

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары (ӘШБ бойынша басшының орынбасарынан басқа)

4

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдер, мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы

5

Дене шынықтыру нұсқаушысы, қосымша білім беретін педагог, ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологін қоспағанда), жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі, әлеуметтік педагог, тәрбиеші, (білім беру ұйымдарында)

6

Әдіскер (негізгі қызметтердің), музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің)

7

Аккомпаниатор (негізгі қызметтердің), хореограф (негізгі қызметтердің), мәдени ұйымдастырушы, бастаушы

8

Кітапхана басшысы (меңгерушісі), кітапханашы

9

Музыкалық жетекшісі (негізгі қызметтердің)

10

Біліктілігі орташа деңгейлі санаты жоқ мамандар: мейірбике (мейіргер), емдәмдік мейірбике

11

Менеджер

12

Бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маман

13

Зертханашы

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары

1

Аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы

2

Біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман

3

Қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

4

Халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты

5

Халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті

6

Жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы

Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары

1

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы

2

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары

3

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы

4

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі орынбасары

5

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК труппа, кітапхана меңгерушісі (басшысы)

6

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК көркемдік жетекшісі

7

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК бас бухгалтері

8

Біліктілігі орта деңгейдегі мамандар: бухгалтер, экономист, мемлекеттік сатып алу бойынша инспектор

9

Заңгер

10

Аккомпаниатор, концертмейстр, барлық атаудағы әртістері, режиссер ассистенті, балетмейстер, библиограф, барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, музыкалық көркемдеуші, хореограф,мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), суретші, продюсер, режиссер, қоюшы режиссер, вокал бойынша дайындаушы

11

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: аранжировщик

12

Кітапханашы

Спорт саласы мамандарының лауазымдары

1

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы

2

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары

3

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі орынбасары

4

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК бас бухгалтері

5

Біліктіктегі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: (мамандандырылған) медициналық бике/аға

6

Біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты мамандар: әдіскер, жатттықтырушы

7

Біліктілілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ мамандар: жаттықтырушы, нұсқаушы-спортшы

8

Біліктіктілігі орташа деңгейлі екінші санатты мамандар: жаттықтырушы

9

Біліктіктілігі орташа деңгейлі санаты жоқ мамандар: жаттықтырушы

10

Әкімшілік қызметтерді орындайтын бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамандар: инженер мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер

11

Техникалық орындаушылар: іс жүргізуші

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ММ – мемлекеттік мекеме;

      МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;

      ӘШБ –әкімшілік-шаруашылық бөлім

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады