Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылдың 27 шілдедегі қорытындысының негізінде және тиісті аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Қобда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қобда ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 схемалық картаға сәйкес, "Әл - Фараби";
№ 2 схемалық картаға сәйкес, "Қобыланды батыр";
№ 3 схемалық картаға сәйкес, "Махамбет Өтемісұлы";
№ 4 схемалық картаға сәйкес, "Бөгенбай батыр";
№ 5 схемалық картаға сәйкес, "Мәншүк Мәметова";
№ 6 схемалық картаға сәйкес, "Едіге батыр";
№ 7 схемалық картаға сәйкес, "Мәңгілік ел";
№ 8 схемалық картаға сәйкес, "Тәуелсіздік".
2. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімен қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қобда ауылдық округінің әкімі | М. Кульниязов |