Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 шілдедегі № 30 "Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 наурыздағы № 355 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 наурызда № 6908 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 50 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 02.11.2023 № 50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 шілдедегі № 30 "Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5022 тіркелген, 2016 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      9 тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға жылу беру маусымының жеті айы ішінде коммуналдық қызметтерге (қазаннан желтоқсанға дейін, қаңтардан сәуірге дейін) 3500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерінде;";

      9 тармағының 3) тармақшасында:

      "1 (бір) айлық есептiк көрсеткiш" сөздері "2 (екі) айлық есептiк көрсеткiш" сөздерімен ауыстырылсын;

      13 тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;

      мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;

      қайтыс болған ауғандық жауынгерлерінің екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;";

      16 тармақта:

      2) тармақша алынып тасталсын.

      2. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
В. Гончарюк
      Мәртөк аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Альмухамбетов
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Елеусінова
      "___"______________2020 ж.

О внесении изменений в решение Мартукского районного маслихата от 15 июля 2016 года № 30 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мартукском районе"

Решение Мартукского районного маслихата Актюбинской области от 16 марта 2020 года № 355. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 18 марта 2020 года № 6908. Утратило силу решением Мартукского районного маслихата Актюбинской области от 2 ноября 2023 года № 50

      Сноска. Утратило силу решением Мартукского районного маслихата Актюбинской области от 02.11.2023 № 50 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Мартукский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Мартукского районного маслихата от 15 июля 2016 года № 30 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мартукском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5022, опубликованное 10 августа 2016 года в Информационно–правовой системе нормативно-правовых актов Республики Казахстан "Әділет") следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мартукском районе, утвержденные указанным решением:

      пункт 9 дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:

      "1-1) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на коммунальные услуги в течение семи месяцев отопительного сезона (с октября по декабрь, с января по апрель) в размере 3500 (трех тысяч пятьсот) тенге;";

      в подпункте 3) пункта 9:

      слова "1 (одного) месячного расчетного показателя" заменить словами "2 (двух) месячных расчетных показателей";

      подпункт 1) пункта 13 изложить в следующей редакции:

      "1) ко Дню Победы – 9 мая:

      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере 500 000 (пятиста тысяч) тенге;

      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, в размере 100 000 (ста тысяч) тенге;

      другим категориям лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны, в размере 50 000 (пятидесяти тысяч) тенге;

      гражданам, трудившимся и проходившим воинскую службу в тылу не менее 6 месяцев в период с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года, получающим специальное государственное пособие, в размере 30 000 (тридцати тысяч) тенге;

      женам (мужьям) умерших участников Великой Отечественной войны, не признававшихся инвалидами, не вступившим в повторный брак, в размере 50 000 (пятидесяти тысяч) тенге;

      женам умерших воинов-афганцев, не вступившим в повторный брак, в размере 50 000 (пятидесяти тысяч) тенге;";

      в пункте 16:

      подпункт 2) исключить.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Мартукского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Мартукского
районного маслихата
В. Гончарюк
      Секретарь Мартукского
районного маслихата
А. Альмухамбетов
      "СОГЛАСОВАНО"
Руководитель управления координации занятости и
социальных программ
Актюбинской области
Б. Елеусинова
      "___"______________2020 г.