Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 02.11.2023 № 50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 шілдедегі № 30 "Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5022 тіркелген, 2016 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
9 тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға жылу беру маусымының жеті айы ішінде коммуналдық қызметтерге (қазаннан желтоқсанға дейін, қаңтардан сәуірге дейін) 3500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерінде;";
9 тармағының 3) тармақшасында:
"1 (бір) айлық есептiк көрсеткiш" сөздері "2 (екі) айлық есептiк көрсеткiш" сөздерімен ауыстырылсын;
13 тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерiнде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;
мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
қайтыс болған ауғандық жауынгерлерінің екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;";
2) тармақша алынып тасталсын.
2. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
В. Гончарюк |
Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Альмухамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ" "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Б. Елеусінова |
"___"______________2020 ж. |