Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8 және 9 баптарына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Мәртөк ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Б. Акзамов |
Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Альмухамбетов |
Мәртөк аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 412 шешіміне 1 қосымша |
Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары
1. Жиналыстар, митингілер, пикеттеу ұйымдастыру және өткізу үшін:
№ | Арнайы орындар | Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары | Шекті толу нормасы |
1.1 |
"Жастық" мәдени және демалыс саябағының аумағы |
- жасанды жарықтандыру; | 200 адамнан артық емес |
2. Демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу үшін:
№ | Арнайы орындар | Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары | Шекті толу нормасы |
2.1 |
Озмитель көшесімен: Абай көшесінен Есет Көкіұлы көшесіне дейін, солға бұрылып, әрі қарай "Жастық" мәдени және демалыс саябағына дейін |
- жасанды жарықтандыру; |
50 адамнан |
Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланудың осы тәртібі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңы (әрі қарай – Заң) негізінде әзірленді және Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар жалпыға ортақ пайдаланылатын орын болып табылады және бейбіт жиналыстар өткізу үшін Мәртөк ауданының жергілікті өкілді органымен айқындалды.
Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін көпшілік іс-шаралар өткізіледі.
Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда қолданыстағы Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге жол берілмейді.
Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге "Төтенше жағдай туралы", "Соғыс жағдайы туралы" және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.
Осы Тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 19.09.2024 № 149 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Мәртөк аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 412 шешіміне 2 қосымша |
Мәртөк ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары
Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 19.09.2024 № 149 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың мынадай шекаралары айқындалсын:
1) жаппай жерлеу орындарында – 800 метр;
2) автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр;
5) магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр.