Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 9) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 22 "2020 жылға Мәртөк ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6806 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 11 ақпанда жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшада:
2-жолдағы "1" саны "8" санына ауыстырылсын";
3-жолдағы "Мәртөк аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәртөк аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны" деген сөздер "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәртөк аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны" деген сөздерімен ауыстырылсын;
4-жолдағы "Мәртөк аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәртөк аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі" деген сөздер "Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәртөк аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі" деген сөздерімен ауыстырылсын;
5-жолдағы "Мәртөк аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жайсаң жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" деген сөздер "Мәртөк аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жайсаң жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" деген сөздерімен ауыстырылсын;
6-жолдағы "Мәртөк аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Хлебодаровка жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" деген сөздер "Мәртөк аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Хлебодаровка жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" деген сөздерімен ауыстырылсын;
7-жолдағы "Мәртөк аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаратаусай жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" деген сөздер "Мәртөк аудандық білім, бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаратаусай жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" деген сөздерімен ауыстырылсын;
8-жолдағы "Мәртөк аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құрмансай жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" деген сөздер "Мәртөк аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құрмансай жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" деген сөздерімен ауыстырылсын.
2. "Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк ауданының әкімі | Е. Кенжеханұлы |