Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Жайсаң ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 1 "Жайсаң ауылдық округі көшелеріне атау беру және атауын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-138 болып тіркелген, 2011 жылғы 20 қазанда "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және халықтың пікірін ескере отырып, Жайсаң ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
қазақ тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы "округінін" сөзі "округінің" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жайсаң ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Б. Коптлеуов |