Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін, төлемақыны төлеу жөніндегі шығыстар үшін жергілікті бюджетке жүктелген азаматтардың санаты келесі болып айқындалсын:
мемлекеттік қызметшілер.
2. Темір аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Темір аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 76 "Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілген тұрғын үйлердегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының шығыстары жергілікті бюджетке жүктелген азаматтар санатын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-10-94 тіркелген, 2009 жылы 29 қаңтарда "Темір" газетінде жарияланған) шешімі;
2) Темір аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 281 "Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 76 "Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілген тұрғын үйлердегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының шығыстары жергілікті бюджетке жүктелген азаматтар санатын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-10-232 тіркелген, 2019 жылы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
3. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Б. Отарбаев |
Темір аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Избасов |