Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 09.04.2020 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 1–2 тармағына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 06.12.2018 № 281 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілген тұрғын үйлердегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін, жалдау ақысының шығыстары жергілікті бюджетке жүктелген азаматтар санаты мемлекеттік қызметшілер болып белгіленсін.
2. Осы шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихаттың |
сессиясының төрайымы: | хатшысы: |
Р.САТАНОВА | С.ЖАҢАБЕРГЕНОВА |