Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 25.01.2021 № 4 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына және 62 бабының 6 тармағына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 36 "Ойыл ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6846 болып тіркелген, 2020 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ойыл аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Ойыл ауданының әкімі | А. Казыбаев |
Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 210 қаулысына қосымша | |
Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 36 қаулысына қосымша |
Ойыл ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | ||||
Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар | Дербес толық күндік шағын орталықтар | Дербес жарты күндік шағын орталықтар | ||
1 | "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Асанәлі" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 100 | - | - | - | - |
2 | "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 170 | - | - | - | - |
3 | "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жолшы" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 55 | - | - | - | - |
4 | "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 42 | - | - | - | - |
5 | "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Сарбие ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Әсем" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 65 | - | - | - | - |
6 | "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балбөбек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 75 | - | - | - | - |
7 | "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдәурен" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 60 | - | - | - | - |
8 | "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Асанәлі" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жанындағы санаториялық үлгідегі топ | 15 | - | - | - | - |
Барлығы | 582 | - | - | - | - |
Кестенің жалғасы:
Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны/теңге/ | ||||
Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндік шағын орталықтар | Дербес толық күндік шағын-орталықтар | Дербес жарты күндік шағын орталықтар |
31619 | - | - | - | - |
31619 | - | - | - | - |
31619 | - | - | - | - |
31619 | - | - | - | - |
31619 | - | - | - | - |
31619 | - | - | - | - |
31619 | - | - | - | - |
36695 | - | - | - | - |
Кестенің жалғасы
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір күндік төлемақы мөлшері/теңге/ | ||||
Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндік шағын орталықтар | Дербес толық күндік шағын-орталықтар | Дербес жарты күндік шағын орталықтар |
400 | ||||
400 | ||||
400 | ||||
300 | ||||
300 | ||||
300 | ||||
300 | ||||
балаларды қамтамасыз ету ақысыз түрде жүргізіледі |