Ойыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 4 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 қаңтарда № 8026 болып тіркелді

      ЗҚАИ-дың ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Ойыл аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ойыл ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 36 "Ойыл ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6846 болып тіркелген, 2020 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 210 "Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 36 "Ойыл ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7836 болып тіркелген, 2020 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. "Ойыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауданының әкімі А. Казыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады