Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін уақытша атқарушысының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 2-13/96 ұсынысы негізінде, Қараой ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ойыл ауданы Қараой ауылдық округінің Бегалы нүктесі аумағында мүйізді ірі қара малдары арасында қарасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин алынсын.
2. Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 13 "Ойыл ауданы Қараой ауылдық округінің Бегалы нүктесі аумағында карантин белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6433 тіркелген, 2019 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қараой ауылдық округінің әкімі | С. Займолдин |