Ойыл ауданы Қараой ауылдық округінің Бегалы нүктесі аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 13 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 қазанда № 6433 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 17.01.2020 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 2-13/66 ұсынысы негізінде, Ойыл ауданының Қараой ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ойыл ауданы Қараой ауылдық округінің Бегалы нүктесі аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. "Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі С. Займолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады