Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3 тармағымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хромтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 200 "Хромтау ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-164 тіркелген, 2018 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Хромтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Хромтау аудандық мәслихаты сессияның төрағасы |
А. Тәңірбергенов |
Хромтау аудандық мәслихатының хатшысы |
Д. Мулдашев |